«Арқаның асыл мұрасы» әдеби – музыкалық кеш

25 қазан күні П.Васильев атындағы орталық қалалық  кітапханада көрнекті қазақ ақыны, мемлекеттік қайраткері Бұқар жыраудың 350 жылдығына орай «Арқаның асыл мұрасы»  атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кітапхана залында «Даланың дархан данасы» тақырыбында   кітап-журнал көрмесі безендірілді. Кеш, Құрманғазы атындағы №1 балалар музыкалық мектебінің оқытушысы Берік Қошанбайұлы Ишанкуловтың  «Балбырауын» күйінің орындауындауымен, басталды. Кітапхана жүргізушілері  жыраудың негізгі өмірлік фактілерімен  таныстырып өтті.

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайының қызметкері Ерболат Мөтінұлы Қаиров Жыраудың өмірбаяны мен Тәуке ханға тигізген әсері жайында әңгімелеп берді. Кештің соңында Бұқар жырау туралы бейнежазба көрсетіліп, Б.К. Ишанкуловтың орындауында «Секіртпе» күйі орындалды. Кешке 48 адам қатысты.

Комментарии запрещены.