Байғалы Шолпан Байғалықызы

Байғалы Шолпан Байғалықызы

 Байғалы Шолпан Байғалықызы — Ақын, журналист Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы. 1948 жылы 20 тамызда Павлодар облысының Ақтоғай ауданында Жаңатап ауылында туған. Бір жасынан бастап Тереңкөл (бұрынғы Қашыр) ауданының Қызылтаң ауылында тұрып, тәрбиелені, сондағы мектепті тәмамдайды.

Алғашқы өлеңдері Қызыл таң ауылында 7 сыныпта оқып жүргенде республикалық «Қазақстан әйелдері» журналында одан кейін облыстық «Қызыл ту», «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде жарық көрген. Тұңғыш жазған «Ауылым», «Туған жер» деген өлеңдеріне жергілікті сазгер Мейрам Ермекбаев ән жазған топтамаларым жарық көрді.

Әр жылдары «Көктем тынысы»  (1972 ж.) өлеңдер топтамасы, «Ай-нұрым менің» (2000 ж.), «Еркелеймін Ертіске» (2003 ж), «Сезімді қайтем тулаған» (2006 ж.), «Қазақ журналистикасының тарихынан лекция курсы» (2008 ж.), «Сыр сандық» (2009 ж.) өлең-әңгімелері, сонымен қатар «Сағым уақыт» (2013 ж.) эссе кітабы, «Толқиды Ертіс» (2015), «Қызылтан-алтын бесігім» (2016 ж.) естелік әңгімелері, «Таңшолпан» (2018 ж.), «Менің тәтті тағдырым» (2019 ж.) атты өлеңдер жинағы, «Ай-тұмар» (2021 ж.) атты туындылар жарық көрді. Сондай-ақ жергілікті орыс ақыны Ю.Примак, О.Григорьеваның, Н.Ваккердің орыс тіліндегі өлеңдерін қазақшаға тәржімалаған.

22 қараша күні Малайсары батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында 5-9 сынып оқушыларына Павлодар Ертіс өңірінің атақты ақыны, Павлодар облысының Құрметті азаматы Шолпан Байғал ақынның 75 жылдығына арналған «Жүрекпен жазылған өлеңдер» әдеби сағаты өткізілді. Мерейтойлық іс-шара барысында ақын Ш.Байғалы шығармашылық қызметі туралы әңгімелеп берді. Кітапханашы оқушыларды ақынның өмірімен қысқаша таныстырып, Ш.Байғалы «Жарық дүние», «Іздерім менің», «Түлекке тілек» және т. б. өлеңдерін оқыды; «Ақын Шолпан Байғалы» бейнеролигі мен фотокөрменің бейне тұсаукесерін көруді ұсынды. Іс-шара барысында оқушылар мерейтой иесін музыкалық нөмірмен құттықтап, ақынның белгілі өлеңдерін оқыды. Ақын Шолпан Байғалыға зор денсаулық, шығармашылық ұзақ ғұмыр және халқымызға бейбіт аспан тілейміз.

 

Комментарии запрещены.