23 сәуір күні 11-сыныптар параллелі үшін ұлы қазақ композиторы, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Баға жетпес мұрасы» іс-шара өткізілді. Бұл тұлға — ұлттық өнерге адалдықтың айқын үлгісіне айналған аңыз адам. Оқушылар Жұбановтың өмір жолымен танысты: Ақтөбе өңіріндегі алғашқы музыкалық қадамдарынан бастап, қазақ халық аспаптары оркестрін құруға дейінгі еңбегі сөз болды. Іс-шара барысында шебердің басты жетістіктері атап өтілді: домбыра мен қобызды жетілдіруге арналған бірегей эксперименттік шеберхана ашуы, жүздеген халық күйлері мен әндерін нотаға түсіріп, ұмыт болудан сақтап қалуы, ұлттық мәдениетіміздің энциклопедиясына айналған «Ғасырлар пернесі» және «Ғасырлар бұлбұлдары» атты іргелі еңбектердің авторы болуы.
Осындай тұлғаларды ұмытпау — халқымыздың мәдени кодын сақтау деген сөз.















