«Бабалар сөзі — ұрпаққа үлгі» атты фольклор сағаты

2019 жылдың 22 қараша күні № 14 Жалпы Орта Білім беру мектебінің 6 «ә» сыныбының оқушыларына № 8 балалар кітапханасында  « Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы  жобасының жүзеге асыру аясында «Бабалар сөзі — ұрпаққа үлгі» атты шара  өтті. Балалар назарына оқу залында кітап  көрмесі ұйымдастырылды, онда болашақ жастарға үлгі-насихат берер Төле бидің шешендік сөздері мен өнер туындылары көрсетілді.

Шараның  басында оқушыларға  Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы,ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған шешендік сөздер туралы мәлімет берілді.

            Оқушылар «Сұңқар» және «Тұлпар» екі топқа бөлініп, «Құпия сандық», «Шешендік сөз», «Мақал-мәтелдер» 3 кезеннен тұратын сайыста өз білімдерін көрсете білді. Олар «Кім жетім?» және»  «Не жақын» сөздердің мағынасын тусіндіруге тырысты. Балалар бір-бірлерімен пікір бөлісті.   Шараға 18 бала қатысты.

Комментарии запрещены.