2019 жылдың 22 қараша күні № 14 Жалпы Орта Білім беру мектебінің 6 «ә» сыныбының оқушыларына № 8 балалар кітапханасында « Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасының жүзеге асыру аясында «Бабалар сөзі — ұрпаққа үлгі» атты шара өтті. Балалар назарына оқу залында кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда болашақ жастарға үлгі-насихат берер Төле бидің шешендік сөздері мен өнер туындылары көрсетілді.
Шараның басында оқушыларға Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы,ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған шешендік сөздер туралы мәлімет берілді.
Оқушылар «Сұңқар» және «Тұлпар» екі топқа бөлініп, «Құпия сандық», «Шешендік сөз», «Мақал-мәтелдер» 3 кезеннен тұратын сайыста өз білімдерін көрсете білді. Олар «Кім жетім?» және» «Не жақын» сөздердің мағынасын тусіндіруге тырысты. Балалар бір-бірлерімен пікір бөлісті. Шараға 18 бала қатысты.