7 қыркүйек күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында және Павлодар ауылының 95 жылдығына орай «Ауылым — ару мекенім» атты кездесу кеші өтті. Бағдарламада қол-өнер көрмесі, фотоколлаж, суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Павлодар ауылының мерейтой иелері және ақын Жанаталап Нуркеновтың жұбайы Светлана Филипповна, суретші Штрауб Валентина Васильевна, Алтын той иелері Шокубаев және Бакуров отбасылары кештің құрметті қонақтары болып шақырылды. Светлана Филипповна кітапханаға ақынның екі кітабын сыйлады.