«Алашорда көшбасшысы» дөңгелек үстел

07.09.2022 ж. Орталық қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекет және қоғам қайраткері А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Алашорда көшбасшысы» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде ақын Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары мен кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат бере отырып, ақын өмірін өскелең ұрпаққа үлгі етуге, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу және танымдық деңгейін дамыту, ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету барысында өтті.
«Алаштың арысы – қазақтың намысы» атты кітап көрме ұйымдастырылып, бейнеролик көрсетілді. Шараға қатысқан қонақтар Тұрышев Айтмұхамбет Қасымбайұлы — С. Торайғыров ат. ПМУ профессоры, ф. ғ.д.; ПМУдоценті Әмренов Әділбек Дауытбекұлы; Майра Шамсутдинова атындағы музейінің басшысы Рахимов Ерлан Олжаұлы. Сонымен қатар Павлодар педогогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің ІІ-ІІІ курс студенттері қатысты.
ПМУдоценті Әмренов Әділбек Дәуытбекұлы жақында тапсырылған, ақын Ахмет Байтұрсынұлының араб әрпімен басылған «Маса» кітабы туралы айтты. Төте жазумен жазылған кітаптың 93 беті сақталған. Бұл жинағына «Ғылым», «Бақ», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы», «Балықшы мен балық», «Жазушының қанағаты» «Жадовскиден» сынды көптеген шығармалары енген. Кітаптың мұқабасы сақталмаған, сондықтан қай жылы шыққаны белгісіз. Жалпы, төте жазумен «Маса» жинағы 1911 және 1914 жылы Орынбор қаласында жарыққа шыққан.
Сонымен қатар «Көркем сөз» клубының жас қаламгерлері Силимхан Дидар, Жәнібек Есенкелді, Нәби Зейнеп Ахмет Байтұрсынұлына арнап шығарған өлеңдері мен ақын шығармаларынан үзінділер оқылды.

Комментарии запрещены.