«Ауғанстан – жанымның азабы»

2024 жылғы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толды. Бұл күн қайғы-қасірет күні, ешкімді бей-жай қалдырмайтын ұмытылмас күн. Қанша уақыт өтсе де, бұл күн мәңгі есте қалады. Ауғанстан — біздің тарихымыз бен азабымыз, нағыз сарбаздың құрметімен соғыстан өткендерге деген құрметіміз. Ауғанстанның қиын жолдарынан өткендерге, азаматтық борышы мен сарбаздық батылдығы жоғары азаматтарға ризашылығымызды білдіріп құрметтейміз. Көпшілік кітапхана қызметкерлері осы күні «Ауғанстан – жанымның азабы» атты екі ұрпақтың кездесуін өткізді. Іс-шара №33 орта мектепте 9 сынып оқушыларымен өтті. Кездесуге Ауған соғысына қатысқан жерлестеріміз Собол Олег Григорьевич пен Қасанов Ержан Алшынбайұлы қатысты. Ардагерлер өздерінің үлкен сынақтардан өткендігі, біздің жігіттердің батылдығы мен табандылығы, Әскери-теңіз күштерін күшейту қажеттілігі жайлы әңгімеледі.

Комментарии запрещены.