9 ақпанда №5 балалар кітапханасы №31,32,33 мектептер оқушыларының интернационалист жауынгерлермен кездесуін өткізді. Мақсаты: жастарды ел тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Біз өткеннен сабақ ала отырып, болашақтың іргесін қалаймыз. Бүгінде патриотизм дегеніміз адамгершілік құндылық қана емес, ол – өткенді, қазіргіні және болашақты біріктіретін мықты іргетас.
15 ақпанда Ауған жерінен Совет әскерлерінің шығарылғанына 29 жыл толуына орай ауған соғысының ардагерлері, Ленин кентінің тұрғындары: Рахимов Амантай Каириденұлы, Соболь Олег Григорьевич, Кусанов Ержан Алшынбайұлы, Аужанов Тимур Жасланұлы, Яросевич Владимир Александрович, Рахметов Досымбек Таубасарұлы балалармен кездесуге шақырылды.
Кездесу Жаяу Мұса атындағы Мәдениет үйінде өткізілді. Ленин кеңті әкімшілігінің маманы А.С.Әділханова, ардагерлер кеңесінің мүшесі Асқар Ысқақов сөз сөйледі. Ауған соғысына қатысқан ардагерлерге арналған бейнеролик қөрсетілді. Интернационалист жауынгерлер естеліктер айтты. Кент өнерпаздары әндер шырқап, би биледі. Ауған соғысының ардагерлеріне естелік сыйлықтар табыс етілді. Шараға 150-дей адам қатысты.