«Ата салтын ардақтайық»

№4 көпшілік кітапхана қызметкерлері кітапханашы Гүлбаршын Капаровна Беисовамен бірлесіп №18 ЖОББМ-нің 3 сынып оқушыларына арнап Наурыз мейрамына арналған «Ата салтын ардақтайық» әңгімесін өткізді. Іс-шара барысында №4 көпшілік кітапхана меңгерушісі Мухтарханова Гүлнар Декдарбекқызы алғы сөзінде балаларды наурыз мейрамымен құттықтады. Жүргізуші Қаирбек Айдана Қалаубекқызы қонақтарға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы туралы мағлұмат беріп, жыл басы «Наурыз» мерекесінен бастау алатыны туралы түсінік берді, наурыз мейрамы бойынша викторина мен ұлттық ойындар ойнатты. Кітап көрмесіне шолу жасалды.

 

Комментарии запрещены.