«Ата салтын ардақтайық»

1 қараша күні сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапханасында №33 ЖОББ мектебінің оқушыларымен «Ата салтын ардақтайық» дәстүр кеші өткізілді. Мақсаты: жас ұрпаққа ата-бабаларымыз аманат болып қалған салт-дәстүрін насихаттау, үлгі ету. Кітапханашылар қазақ халқының салт-дәстүрлерінен ақпарат беріп, оқушылармен сұрақ-жауап жүргізілді. Сергіту сәтінде үзік — үзік сөздерден мақал құрастыру керек болды. Оқушылар шараға белсенді қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрі жайлы көкейлеріне түйді деген ойдамыз. Қамту 18 адамды құрады.

Комментарии запрещены.