Астана – бас қала

4 шілдеде №8 көпшілік кітапханасының қызметкерлері №23 мектептің жанындағы жазғы лагерьдегі балаларға Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – бас қала» атты виртуалды саяхат өткізді.

Алдымен шараны жүргізген кітапханашы Әйгерім Төлегеновна Қайсаринова балаларды мерекемен құттықтап, ізгі тілектер білдірді. Астананың  тарихына қысқаша тоқталды. Қаланың көрікті жерлері туралы айтылды да,   1999 жылы Астана қаласына ЮНЕСКО-ның шешімімен Әлем қаласы атағы беріліп, медалі табысталғаны хабарланды. Елорданың көрікті жерлері туралы слайд-презентация айтылған сөзді нақты толықтырды. Кітапхана меңгерушісі  Қатира Мажитовна Дүйсембекова «Жасай бер – Астана!» атты кітап көрмесімен таныстырды және осы тақырыптағы викторинаға қатысуға шақырды. Мерекелік шараға 15 адам қатысты.

Комментарии запрещены.