«Астана – арман қала» атты іс–шара

3 шілдеде Орталық балалар кітапханасында №43 мектептің  оқушыларына «Астана – арман қала» атты іс–шара өткізілді. Кітапхана қызметкерлері оған арнайы  иллюстрациялық  кітап көрмесін жабдықтап, шолу жасады.

Шараны жүргізген кітапханашылар Сандуғаш Дүйсембаевна Нұрғалиева мен Ольга Сергеевна Немленко  Астана күні мерекесі жайлы әңгімеледі.  Мақал–мәтелдерге құрылған қызықты ойындар өткізілді. Слайд презентация арқылы Астананың көрікті жерлері мен әсем сәулетті ғимараттары туралы  айтылды. Балалар «Астана» сөзжұмбағына, «Байтеректі жина» ойынына, «Сен өз жерің туралы не білесің» сұрақ – жауапқа белсене қатысты. Шараға 10 бала қатысты.

Комментарии запрещены.