«Ардақтайық Сарыарқаның асылын» кітап көрмесі

2018 жылдың 3 тамыз күні Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында  ақын, әнші, композитор Естай Беркімбайұлының 150 жылдығына орай  «Ұлы дала» этнофестивалі аясында, «Ұлы дала мұрасы: тарих, тұлға,  тағылым» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында  «Естай Беркімбайұлының мәдени мұрасы» атты сексия отырысы болып өтті. Конференцияның басты мақсаты – жергілікті өңірімізден шыққан тарихи тұлғалардың ерен еңбектері мен ұлы мұраларын халыққа паш ету. Конференцияға тарихшылар, дәстүрлі әншілер қатысты.

Естай ақындық орындаушылық өнерімен қатар шебер композитор ретінде де белгілі. Оның әндері сал-серілер дәстүрін ілгері дамытты. Естай әндерінің құрылымы, мазмұны, шарықтау шыңы, ырғақ ерекшеліктерімен ән мәдениетіне, өзіне тән жаңалық әкелгендігін академик А. Жұбанов, фольклоршы-этнограф А. В. Затаевичтер өз еңбектерінде дәлірек көрсетеді.

Сүйіспеншілік табиғатының ән ұранына айналған Естайдың өз басынан өткен махаббаттың әсерінен туған «Қорлан» әні бүгін де, келешекте де өміршеңдігімен бүкіл халықтардың есінде мәңгі- аңыз болып қалары анық.  Естай Беркімбайұлының Құсни-Хорлан әнінің он тоғыз түрлі нұсқасы осы күнге дейін жеткен екен. Халық назарына 3-4 нұсқасы ұсынылды. Конференцияға біздің  — П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана  «Ардақтайық Сарыарқаның асылын» атты кітап көрме апарды. Кітап көрмеге ақынның өмірі мен өнерін паш ететін кітаптар мен журналдар қойылды.

«Қазақ өнері» энциклопедиясы, «Естай», А. Жубановтың: «Заман бұлбұлдары» т.б

Сонымен қатар конференцияда халық композиторы Естай Беркімбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған Қайрат Айтбаевтың «Бір мысқал» атты кітабының тұсаукесері болып өтті. Қатысушылар саны: 62 адам

Комментарии запрещены.