«Ақын сөзі ешқашан өшпейді» әдеби сағаты

2018 жылы 25 қазан күні Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №19 ЖОББМ-нің 6 сынып оқушыларына барып, қазақтың әйгілі демократ-ақыны, публицист, әдеби сыншы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ақын сөзі ешқашан өшпейді» атты әдеби сағатын өткізді.

Жетекші-кітапханашылары балаларға осы ұлы және ерекше адамның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Әлеуметтік-философиялық поэзияның, азаматтық ерлік поэзиясының өркендеуі ғана емес, сонымен қатар қазақ әдебиетінің көркемдік байытылуын да, оның есімімен байланыстырылады. Ақын өзінің қысқа ғұмырында көптеген өлеңдер мен әңгімелер, бірқатар сыни мақалалар, бірнеше романдар жазды. «Қамар Сұлу» романы оның ақын ретінде қалыптасуымен бірегей поэтикалық дарынының дәлелі болды.

Одан кейін балалар «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «С. Торайғыров шығармашылығы» буктрейлерін тамашалап, ақынның «Тағдыр», «Оқуда мақсат не?» атты өлеңдер оқыды. Іс-шарада Торайғыров оқуларының жүлдегері және қатысушысы Әлімхан Бахит № 19 ЖОББМ-нің 5 «Б» сынып оқушысы С. Торайғыровтың «Қазіргі бағыт» атты өлеңін сезіммен жоғары деңгейде орындап шықты.

Содан кейін оқушылар «Әдеби ойсана» викторинасына белсене қатысып, кітапхана оқырмандары болуға шақыру алды. Іс-шараға 22 адам қатысты.

Комментарии запрещены.