«Ақыл – ойдың алыбы» әдеби глобус

2022 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ақын, қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы, Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын оқуға таңдалынды. 11 қазан күні сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапханасы А.Байтұрсынұлының әдеби шығармаларын насихаттау мақсатында №33 жалпы білім беру мектебінің 6 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Ақыл – ойдың алыбы» атты әдеби глобус өткізді. Қатысушыларға ақынның өмірбаянымен шығармалары, еңбектері туралы толық мағлұмат берілді. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты жинағынан оқушылар мәнерлеп оқып, оз ойларын жеткізді. Кітапханашы «Ақыл – ойдың алыбы» атты кітап көрмесімен таныстырды. Шараға 35 адам қатысты.

Комментарии запрещены.