2020 жылғы 11 наурызында сағат 15.00-де Орталық қалалық кітапханасында «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестік мүшелері мен Орталық қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен аудармашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Аққулы ауданының құрметті азаматы
Серік Қинаятұлы Сатыбалдиннің туғанына 70 жас толуына орай «Аққулының ардақты Серігі» атты шығармашылық кеші болып өтті.
Кешке мерейтой иесі С. Қинаятұлының жұбайы мен балалары, ағайын-туыстары, жерлестері және қызметтес әріптестері, облыстық, қалалық мәдениет басқармасының өкілдері, Аққулы ауданының Білім беру бөлімінің басшысы, сонымен қатар С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана басшысы «Нұр-Ана» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, «Сағым жылдар» ансамблінің мүшелері қатысты.
Кештің шымылдығын жүргізуші, «Найзатас» қоғамдық-әдеби журналының жауапты хатшысы Айбек Оралхан Серік Қинаятұлына арналған арнау өлеңімен бастады.
Кешіміздің шырайын кіргізген Павлодар облыстық Иса Байзақов атындағы филармониясының дәстүрлі әншісі Бауыржан Ахметовтың орындауында халық әндері «Дәурен-ай», «Бұлбұлым» шырқалды. Және де №35 ЖОББМ-нің оқушылары Серік Қинаятұлының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.