«Аңызға айналған ұшқыш» еске алу сағаты

2022 ж. 6 мамырында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында №43 орта мектептің 7 сынып оқушылары үшін Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Аңызға айналған ұшқыш» атты еске алу сағаты өткізілді. Кітапханашылар Талғат Бигелдиновтың өмірбаянымен таныстырып, штурмовик-ұшқыштың жауынгерлік ерлігі туралы айтып берді. Балалар бір минут үнсіздікпен Жеңісті жақындатқандардың барлығын еске алды. Оқушылар  «Барлығы ол туралы» викторинасына белсене қатысып, «Жеңіс күні» әнін бірге орындады. Іс-шараға «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.