14 шілде күні Д. Әбілеватындағы көпшілік кітапханада «Кешкі кітапхана» жобасы аясында Қала күніне орай «Әнім сен сің, туған жер!» атты әдеби музыкалық кеші ұйымдастырылды. Кешке Қ. Әбусейітоватындағы мәдени-сауық орталығының «Сағым жылдар» әжелер ансамблі мен кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты. Кеш қонақтары өлкеміздің белгілі ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін оқып, жергілікті композиторларымыздың әндерін әжелер ансамблі орындады. Сонымен қатар оқырмандарымыз Ертіс өңірінің белгілі композиторлары мен жас ақындарымыздың туған өлкемізге арналған кітап көрмесімен танысты.