29 қыркүйек күні, Кенжекөл ауылының кітапхана ұжымы, БДО және ауыл музыкалық мектебімен бірлесіп, Павлодар композиторы Қайырбек Мұфтанұлы Сәтиевтің туғанына 70 жыл толуына арналған «Әнім әнге жалғассын» кеші өтті. Іс-шараға ауыл әкімі, ауыл тұрғындары, Кайырбек Мұфтанұлының әріптестері, Кенжекөл орта мектебінің оқушылары қатысты.
Мерейтойымен Қайырбек Мұфтанұлы Сәтиевті, ауыл әкімі, Шуақбаев Серик Ниязбекұлы құттықтап, елдің дамуына оның сіңіргенін еңбегін белгіледі. Совхоз-техникум ғимаратында алғаш ашылған музыкалық мектебінің бірінші директоры болғанын ескертіп, Орташа жалпы білім беретін мектепте, музыка сабақтарын өткізіп, балалар мен жастарды музыканың әлеміне баурап, өз өмір жолын дұрыс таңдауға дайындады.
Кітапхананың меңгеруші Кукентаева Күлжан Абдрахмановна, 1996 жылдары совхоз техникум мәдениет үйіндегі «Қарлығаш» — халық ансамблі құрылғанын, қатысқанын айтты. Ансамбль қатысушылары әндер жаттап, дайындықтарға барып, ауылдың, қаланың, облыстың әр түрлі сахналарында өнер көрсетті. Ансамбльдің өнер көрсетулері, теледидарға бірнеше рет түсіріліп, баспасөзде жариялады. Сөз сөйлеуді жалғастыра отырып Күлжан Абдрахмановна, Қайырбек Мұфтанұлы Сәтиевтің: «Балаларға арналған өлеңдер» және: «Әнім әнге жалғассын» деген екі жинағын ұсынды.
Музыкалық мектеп оқушылары концерт дайындап, домбыра, қобыз аспаптармен кешті жалғастырды. Әріптесі Хабдесов Қайыржан, жас педагог Жакупов Ермұрат және музыкалық мектептің вокал тобы шағын концерт сыйлады. Бұдан басқа ардгерлер кеңесі мен Кенжекол ауылының әйелдер кеңесі мерейтой иесінің достары, құттықтау сөздерін сөйледі. Кешке 100 –ден астам адам қатысты.