«Анаға тағзым!»

6 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында №4 балалар кітапханасының кітапханашылары 4 сынып оқушыларымен «Анаға тағзым!» атты ертеңгілік-кездесу өткізді. Шараның қонағы павлодарлық балалар ақыны Людмила Николаевна Бевз болды. Людмила Николаевна – аяулы ана және әже. Балалар туралы өлеңдер жазады. Оқушылар қонақпен диалогқа белсене қатысты, әңгімесінде ол қалай өлең жаза бастағанын туралы айтты. Балалар сұрақтар қойды, өздері туралы әңгімеледі, Л.Н.Бевздің өлеңдерін оқыды.  Балаларға ақынның өлеңдері ұнады, өйткені олар балаларға үлкен сүйіспеншілікпен жазылған. Бұл күні балалар аналарына жылы лебіздерін білдіріп, аналарының қандай тамаша, ақылды, мейірімді, жауапкершілікті, сұлу, сауатты екенін айтты. Мәнді, достық кездесу балалардың жадында қалады.

Комментарии запрещены.