«Ана жыры — көктем нұры»

7 наурыз күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында «Достық» ардагерлер  хорына халықаралық әйелдер күніне орай «Ана жыры — көктем нұры» мерекелік сағаты өткізілді. Кітапханашылар хордағы әйелдер мүшелерін құттықтап, мереке туралы ақпарат айтты және «А-дан Я-ға дейін әйелдер» атты викторинасын өткізді. Оқырманымыз Мүтай Бибігүл «Ақ жаулықты ана» әнін орындады.

Комментарии запрещены.