5 желтоқсан күні сағ.15.00 де №10 кітапханаың коворкинг орталығында Тіл туралы Заңның қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Ана тілің – арың бұл» атты журналистермен жүздесу қарым-қатынас сағаты болып өтті.
Шараны қазақ тілінде Р.Займолда өткізді. Журналистермен жүздесуге №24 мектептің жоғары сынып оқушылары және ИнЕу дің журналистика тобының 1- курс студенттері қатысты. Қарым-қатынас сағатына «Ertis» телеканалының бас редакторы, «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі қатысты.
Жүргізуші Тіл туралы заңның қашан қабылданғаны жайлы тарихқа тоқталып өтті. Мемлекеттік тіл мәртебесі туралы сөз алған қәдірменді қонағымыз Есенбек Санатұлы Тәуелсіздік алған жылдан бастап жылдан жылға мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңіп келе жатқанын айтып өтті. Тілді үйрену және көркем сөйлеу үшін кітап оқудың маңыздылығын баса айтып өтті. Журналистика саласында қызмет жасап жүргендіктен тіл жанашыры ретінде қоғамдық шаруаларға белсене қатысып, көптеген бағдарламалар дайындады. Ол бағдарламалар телевидение арқылы халық назарына ұсынылып отырылуда.
Болашақ журналистерді қәзірден бастап мамандықтары бойынша әртүрлі сала бойынша еңбек етуге шақырды. Қазақ тілін жетік меңгерген журналистер ана тіліңде ғана сөйлеп өз мамандығыңның шебері болуға болатындығын баяндады. «Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте!» деп ұлы тұлғаларымыздың нақыл сөздерін келтірді.
«Ұлы тұлғалар тіл туралы» атты бейнебаян көрсетті. Бұл бейне баянда қазақ зиялы қауымының ана тіліне байланысты нақыл сөздері әуенмен әрленіп, портреттік суреттерімен бірге көрсетілді. «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Мереке Амантайқызы ана тіліміз туралы өз көзқарастарын айта келе Несіпбек Айтұлының «Ана тілі» атты өлеңін нақышына келтіре оқып берді. Студент кезінен армандаған мамандығының иесі болып отырған тілші өз мамандығының шебері. Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып тұшымды жауаптар алды.
№17.,22.,25ЖОББМ терінің оқушылары Давид Гребенников, Шұғыла Камесхан, Иманғали Займолда ақын жазушыларымыздың туындыларынан тілге байланысты өлеңдерін оқыды.Тұрақты оқырманымыз Утегенова Ақмаржан өзі шығарған «Ана тілім- ардағым» атты өлеңін көпшілік қауымқа тарту етті. Шара қатысушыларының бірі ИнЕу дің студенті Жансерік Сиезбек атаулы шараға арнап өз туындысын оқып берді.
Болашақ журналистер алдағы мақсаттарымен бөлісіп, келешекте практикалық жұмыстарын өту кезінде шараға қатысқан журналистермен қоян қолтық араласатындықтарын айтып өтті.