«Ән атасы — Әміре»

Шілде айының 28 күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында оқырмандарға Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Ән атасы — Әміре» атты өнер сағаты өтті. Шара мақсаты: Ә. Қашаубаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, ән мұрасын оқырмандарға таныту. Қазақ халқына тән адамгершілік қасиеттерді, өнерге деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіру. Шара барысында кітапхана қызметкерлері атақты қазақ әншісі, аңыз адам, шет елдерге дейін атағы шыққан әнші туралы сыр шертті. Ә. Қашаубаев Парижде өткен этнографиялық әлемдік көрмеге қатысып, екінші орынды жеңіп алып, күміс медаль иеленгенін, әншінің орындауындағы «Балқадиша», «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Дудар-ай», «Бес қарагер» атты әндерін айтқанын жеткізді. 2017 жылы Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасында «Әміре Парижде» атты кітап шығып, 2018 жылы «Әміре» киносы түсірілгені айтылды. Шара соңында оқырмандарға кітап көрмесіне шолу жасады.

Комментарии запрещены.