1 наурыз күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында Алғыс айту күніне орай «Алғыс білдіру — ең асыл сөз» атты кездесу кеші өткізілді. Ауылдық ардагерлер кеңесі және №40 орта мектептің 6 г сынып оқушылары кәсіпкер әйелдермен, ауылдық іс-шаралардың демеушілерімен, қайырымдылық шараларға қатысушылармен, соның ішінде «Мектепке жол» акциясының қатысушылары Барбашина А.И. және Нигматулина А.М. кездесті. Шараға қатысқан барлық қонақтар тарапынан көптеген алғыс сөздер айтылып, тілектер айтылды.