«Алғашқы ғалым»

12 сәуір күні № 2 балалар кітапханасында облыстық «Кешкі кітапхана» жобасы аясында ғалым-геолог, академик, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті, геология-минерология ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының Құрметті азаматы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың  125 жылдығына (1899-1964) арналып «Алғашқы ғалым» танымдық сағаты өткізілді. Іс-шараға № 25 ЖОББМ 6 «Б»  сыныбының оқушылары қатысты. Кеш барысында кітапханашы  мерейгердің өмірі мен еңбек жолы туралы әңгімеледі. Көрме-инсталляциясына кітаптар мен қатар пайдалы қазба көмірдің бірнеше түрлері қойылды. Балалар баннердегі фотосуреттерді тамашалап, қызықты «Кроссвордты шеш» ойынын ойнап, алған білімдерін бекітті.

Комментарии запрещены.