Әлемдегі барлық нәрсе журналдар мен газеттерде

19 сәуірде М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасы № 27 ЖОББМ-ның 3-сынып оқушыларына кітапханалық мерзімді басылымдарды оқуға балаларды тарту мақсатында «Әлемдегі барлық нәрсе журналдар мен газеттерде» кітап пульсі өткізілді. Балалар газет, журналдармен танысты. Жас оқырмандар журналдың бет-бейнесі мұқаба деп аталатынын, ал балаларға арналған журналдар қосымша оқу мен қоршаған әлем туралы қызықты ақпарат алу үшін қажет екенін білді. Сондай-ақ оқушыларға «Сиқырлы кітаптар» жұмбақтар байқауы, «Кейіпкерлерді тап» викториналары, «Досыңды қызықты журналмен таныстыр» кеңес-ұсынысы ұсынылды. Бұл шара жас оқырманды мерзімді басылымдар әлеміне бағыттап қана қоймайды, сонымен қатар кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту.

Комментарии запрещены.