«Алаш ардақтысы»

03.04.2024 ж. Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары үшін Ертіс-Баян өңірінің  тумасы Ілияс Жанқараұлының 180 жылдығына орай «Алаш ардақтысы» атты тарихи сағаты өткізілді. Іс-шара барысында Тереңкөлдің болысын басқарған, ағартушы, қоғам қайраткері,  «Алаш Орда» үкіметінің белді де ықпалды мүшелерінің бірі, қазақтың жоғын жоқтап, еліне келген солақай саясатқа наразылығын білдірген ірі де алып тұлғалардың бірі болған Ілияс Жанқараұлының өмірі  мен еліне жасаған қызметкерлігі жайлы айтылды, сонымен қатар тақырып бойынша сұрақ–жауап өткізіліп, «Тарих.Тағдыр.Тұлға»  атты кітап көрмесі ұсынылып, «Алаш ардақтысы» атты  бейнефильм көрсетілді.

 

Комментарии запрещены.