«Актер әлемі»

14 наурыз күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінің 1 курс студенттері үшін Халықаралық театр күні қарсаңында «Актер әлемі» танымдық сағаты өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларына рухани азық беру, өнерді құрметтеуге баулу. 27 наурыз — Халықаралық театр күні. Атаулы күн 1961 жылы Вена қаласында өткен ЮНЕСКО Халықаралық театр институтының IX конгресінде бекітілді, 1962 жылдан бері тойланып келеді. Кітапханашы өнер, театр, актер туралы айтып өтті, театр туралы қызықты деректермен бөлісті. Шараға қонақ ретінде Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының талантты актрисасы, көркем сөз оқу шебері Төлеубек Еркежан Төлеубекқызы шақырылды. Ол қызықты шығармашылыққа толы өмір жолы жайлы ақпаратпен бөлісті, жастарға ақыл-кеңесін айтып, қойылымнан монолог оқыды. Оқушылар қонақтың әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, өз сұрақтарын қойды. Шара барысында «Ж. Аймауытов  атындағы қазақ музыкалық-драма театрының тарихы» бейнебаяны көрсетіліп, «Театр — өмір айнасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалынды. Кездесу соңында кітапхана меңгерушісі өнер иесіне ұжымның ыстық ықыласын білдіріп, алғыс айтты.

Комментарии запрещены.