«Әке мен бала»

2021 жылдың 30 сәуір  күні кітапхана ұжымы қазақтың ұлы ағартушысы, балалар әдебиетінің негізін салушы Ы. Алтынсариннің шығармаларына арналған «Әке мен бала» әңгімесіне он-лайншолуын жариялады.

Мақсаты:Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығынан жалпы мағлұмат беріп, шығармаларынан ғибрат алу, балаларды еңбекке, иманжүзділікке тәрбиелеу.

«Әке мен бала» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын ашу.

Он-лайн форматта өткен іс-шара барысында кітапхана қызметкері А. Қ. Жармағамбетова дайындаған жариялымында: биылғы жылдың «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Жыл кітаптарын таңдауда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылғаны жәнешығармалары арқылы өмір шындығын таныта білген кемеңгер, заманының ең маңызды білім мен тәрбие мәселесін көтеріп қана қоймай, оны шығармаларына арқау еткен өшпес жұлдыз, ерекше дарын иесі Ы. Алтынсарин туралы  деректермен таныстырды. Оның «Өлең білім бар жұрттар…» ғибратты да өнегелі жинақтары биылғы жылдың «Бір ел – бір кітап» акциясына таңдалып алынды.

«Әке мен бала» әңгімесінде жолдан ескі тағаны тауып алған әке мен бала арасындағы диалог арқылы «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларасың» деген сөз арқылы аяқтайды. Шығарма мазмұны еріншектіктен аулақ болу; пайдалы іспен айналысу; үнемшіл болуға тәрбиелейді. Ұлы ағартушының әдеби шығармаларында көрініс тапқан ағартушылық идеяларының тәрбиелік рөлі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойылмағаны,Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырғаны, оның өз бойындағы қуатын халықтың арман-тілегі үшін аямай көрсете біліп,  бүгінгі ұрпақ үшін мол тәжірибе бола білгені туралы жариялымдар берілді.Сондай-ақ, кітапханамыздың оқырманы Амангелді Ақбота ақынның «Әке мен бала» әңгімесін оқыды.

Комментарии запрещены.