«Әділдікке адал өмір»

Ғалым, заң ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Салық Зимановтың туғанына 105 жыл толуына орай №35 мектепте «Әділдікке адал өмір» атты құқық сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар ғалымның өмір жолы, ғылыми еңбектері және Қазақстанның құқық саласына қосқан үлесі туралы мағлұмат алды. Салық Зиманов – қазақстандық заң ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті ғалым, заң мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Ол көптеген жас заңгерлерді тәрбиелеп, ғылым мен қоғам өміріне белсенді араласқан. Іс-шара барысында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерін білдірді. Олар заңды құрметтеу, әділдік пен адалдықтың маңызы туралы пікір алмасып, құқықтық білімдерін кеңейтті. Шара оқушылардың заңға деген қызығушылығын арттыруға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды.

Комментарии запрещены.