Әдеби вернисаж «Даланың дара ұстазы»

2021 жылдың 7 сәуір күні М. Жаманбалинов атындағы  Орталық балалар кітапханасында Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай онлайн форматта  «Даланың дара ұстазы» атты әдеби вернисаж өткізілді. Шараның мақсаты ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстыру, жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.

Қазақ халқына Ыбырай Алтынсарин үлкен үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай қазақ жерінде алғаш мектебін ашқан. Бұл қыздар мектебі Ырғыздағы қыздар мектеп – интернаты деп аталады.

Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді. Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу -тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады.

YouTube player

Комментарии запрещены.