Балтабай Ғалия Құсайынқызы

Балтабай Ғалия Құсайынқызы

«Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақ радиосының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі болған, «Павлодар облысы алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, Павлодар облысы мен Железин ауданының Құрметті азаматы.

Ғалия Құсайынқызы Балтабай 1948 жылы 1 маусымда Павлодар облысы Железин ауданының Аққайын ауылында дүниеге келген.

1966 жылы Ертіс ауданындағы номері 2-ші қазақ мектебін тәмәмдап, С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің «Журналистика» факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1966 жылы «Аққайың» мектебінде бастап, 1967 жылы Республикалық Қазақ радиосына қызметке алынады. Қазақ радиосында қызмет атқара жүріп, телевидениеде де хабарлар ұйымдастырды. Негізінен ұлттық мүддені қажет ететін сын хабарларды көп дайындады, ең бастысы, еліне адал қызмет атқарып, шығармашылықтарымен танылған ақын-жазушылар мен жалпы өнер адамдарымен жиі кездесіп, атақты адамдар жайлы радиодан да, телеарнадан да хабарлар көп жасады.

Солардың бірі «Он бір күн, он бір түн» поэмаларының авторы, қазақтың тұңғыш актерлерінің бірі, композитор, әнші әрі домбырашы, ағартушы Иса Байзақов жайлы төрт сериялы Қазақ радиосына да , республикалық «Қазақстан» телеарнасына хабар жасады. Иса ақынды зерттей отыра «Иса ақын және оның ұрпақтары» деген кітап жазып шықты.

1974-1975 жылдары Павлодар телерадио комитетіне редактор болып ауысты. 1983 жылы Павлодар радиосының редакторы. 1986-1987 жылдары Павлодар облыстық радиосының қазақ бөлімін басқарды. Ал, 1988 жылы Қазақ радиосының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі атанды.Облыстық радионың өзекті деген мәселелерін шешіп, қазақ тіліндегі хабарды 50 пайызға жеткізді.

1987-1997 жылдар аралығында Республикалық Қазақ радиосының Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі қызметіне тағайындалады және Павлодар облыстық телеарнасының қазақ тіліндегі Жаңалықтар редакциясын басқарады.

Ғалия Балтабайдың сын хабарларының нәтижесінде Павлодарда Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ театры, облыстық балалар ауруханасы, Екібастұзда қазақ мектептері мен балалар бақшасы ашылды. 20-дан астам соғыс мүгедегі мен ардагерлері, тұрмысы төмен адамдарға тұрғын үй алып беруге телехабарлары арқылы көмектескен.

1997 жылы Астана радиосына қызметке ауысады. 1998-2001 жылдары республикалық телерадио комитетінің «Жібек жолы» ақпараттық-музыкалық бағдарламасы Астанада жұмыс істеді. Радиобағдарламаның алғашқы комментатор-журналисінің бірі Ғалия Балтабай болды.

Сол жылдары ол талай мәрте Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алған. Бүгінде Елбасыға бағытталған журналистік ұсынысының бірі Құрбан айт мейрам күні ретінде тойлануда.

Ал 2001 жылы Павлодар облыстық радиосына директор қызметіне ауысып, республикалақ конкурс-тендерлерден өтіп, Павлодар радиосын ҒМ жиілігіне шығарады. Сөйтіп облыста радионы сақтап қалды. Бұл республикадағы жалғыз қалған облыстық радио екенін мақтанышпен айтуымыз керек. 42 жыл журналистика саласында еліне тапжылмастан қызмет етті.

Ұлт руханиятына қомақты үлес қосқан азаматтарды халыққа таныту мақсатында көпетеген еңбектер жазды. 15-тен астам танымдық дүниелерге толы кітаптарды өмірге әкелді.

Соның ішінде Елбасының «Бейбітшілік және Қоғамдық келісім идеясы» атты 3 томдық жинағының бас редакторы, Павлодар облыстық радиосы жайлы «Тұғыры биік тұлғалар», «Әрбір үйге радио қажет», «Есімдері ел есінде», «Шипасымен шуақ шашқан», «Ақмола облысы», «Қалдырған ізің мәңгілік», «Туған жер перзенттері», «Тағдырларды біріктірген Қазақстан» атты кітаптары жарық көрді. Аналардың анасы Зара Қабдешқызы жайлы «Ұлтын ұлықтаған асыл ана» деген кітап жазды. Өзінің 70 жылдығына орай мемориалдық «Өмір шыңы» кітабын жазды.

2021 жылы жарыққа шыққан «Sary qys» кітабы Ғалия Құсайынқызының балаларға арнап жазған тұңғыш туындысы. Жаңа кітап балалар әдебиетін қолдау жылының аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарыққа шықты. Мұнда кішкентай Ғалияның балалық шақта басынан өткізген оқиғалары баяндалады. Қысқа да нұсқа қызықты әңгімелер, ойға қонымды, тұшымды оқиғалар оқырманды бірден баурап алады. Кітаптың дизайны да ерекше жасалған, иллюстарциясы өте сәтті салынған.

Ғалия Балтабайдың шәкірті Әсел Жақсыбай ұстазына арнап «Күрескер қызы қазақтың» атты кітап жазған. Бұл жинақта журналистің егемен елдің ертеңі үшін жасаған батыл қадамдары, қаламгердің болмысы мен бітімін көрсететін оқиғалар топтастырылған.

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Дара жол» бағдарламасының құрметті қонағы болды. Кәсіби маман ретінде өңір журналистикасына сүбелі үлес қосқан Ғалия Құсайынқызы алдағы уақытта да оқырмандарын тың туындылармен қуантпақ.

Ғалия Құсайынқызының есімі республикалық «Кто есть кто в Республике Казахстан» және «Почитаемые люди земли казахской», «Известные женщины Павлодарского Прииртышья», сол сиялқ Павлодар облыстық «Кто есть кто» кітабына да енген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітаптар

Балтабай Ғ. Қ. Sary qyz / худож. А. Мазепа. Павлодар, ЭКО, 2021. — 127 б.

Кітап әжесі мен атасының бала кезіндегі өмір жолдарын білсем деген балаларға арнап жазылған. Кітап оқуға жеңіл тілмен, әрі үш тілде жарық көрген. Мұқабасы мен ішіндегі көркемдегіш суреттерді Мәскеулік суретші Мазепа Анна салған.

 

Балтабай Ғ. Қ. Ұлтын ұлықтаған асыл ана. – Павлодар: Н. И.Сытина баспаханасы, 2018. — 328 б. – қазақша, орысша

Қазақ халқының ұлттық болмысын жаңғыртуда, әрі халықтық педагогика саласында ұстаздық еңбегімен ерекше танылған, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін насихаттау жолындағы және ана тіліміздің қадір-қасиетін ұрпақ бойына дарытуда талмай қызмет көрсеткен, қоғам қайраткері, ұлт жанашыры, Павлодар облыстық мұсылман әйелдер қоғамының алғашқы төрайымы Зара Қабдышқызы Қожахметованың өткен өмір баспалдақтары мен облыс халқына жасаған ұлағатты істері жайлы айтылады. Кітап екі тілде жазылған.

 

 

Балтабай Ғ. Қ. Павлодар Облыстық радиосына 70 жыл. Әрбір үйге радио қажет=70 лет Областному радио. В каждом доме радио. — Павлодар, ЭКО, 2008. — 310 б. (Павлодар Теле-Радио 100, 5 FM).

Кітап толығымен Павлодар облыстық радиосының тарихы мен тәжірибесіне арналған. 70 жылдық тарихы бар қара шаңырақтың бүгінге дейінгі тыныс-тіршілігі бұдан бұрын мүлдем зерттелмегендіктен, бұл еңбектің жалпы оқырман қауымға, Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне, сондай-ақ жоғары оқу орындарының әсіресе, журналистика факультетінің студентттеріне берері көп. Кітап мәтіні оқуға жеңіл, екі тілде жазылған.

 

Балтабай Ғ. Қ. Иса ақын және оның ұрпақтары. — Павлодар, ЭКО, 2008. — 405 б.

«Иса ақын және оның ұрпақтары» естелік кітабында ақын туралы деректер мен оның балалары — белгілі актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпуза Исақызы жайлы және ұстаз, ғылым кандидаты Ертіс Исаұлы туралы құнды материалдар бар. Сол сияқты бұл кітапта Исақызы Мақпузаның өзі жазған мақалалары да енгізілген. Кітап қалың оқырманға арналған, тілі оқуға жеңіл, мазмұны кең. Иса ақын мен оның ұрпақтары жайлы кең мағлұмат аласыздар.

[collapse]
Әдебиеттер тізімі

Әдебиеттер:

Балтабай, Ғ. Қ. Sary qyz / расск. Г. Балтабай; худож. А. Мазепа. — Павлодар: ЭКО, 2021. — 127 б.

Балтабай, Ғ. Қ. Иса ақын және оның ұрпақтары / Ғ. Қ. Балтабай. — Павлодар: ЭКО, 2008. — 405 б.

Балтабай, Ғ. Қ. Павлодар Облыстық радиосына 70 жыл. Әрбір үйге радио қажет=70 лет Областному радио. В каждом доме радио / Ғ. Қ. Балтабай. — Павлодар: ЭКО, 2008. — 310 б. — (Павлодар Теле-Радио 100,5 FM).

Балтабай, Ғ. Қ. Ұлтын ұлықтаған асыл ана / Ғ. Қ. Балтабай. — Павлодар: Сытина баспаханасы, 2018. — 328 б.

***

Балтабай, Ғ.  Бар байлығым — отбасым, турашылмын, жоқ қасым! : [журналист Ғ. Қ. Балтабаймен әңгіме] / әңгімелескен Ф. Әміренов / Ғ. Балтабай // Сарыарқа самалы. — 2012. — 26 қаңтар. — 14 б.

Балтабай, Ғ. Алғысым шексіз!: [Железин ауданының Құрметті азаматы Ғ. Балтабайдың Железин ауданының 80 жылдығына орай «Туған жер перзенттері» атты кітабының 2-томы жарық көрді] / Ғ.Балтабай // Сарыарқа самалы. — 2016. — 19 қаңтар. — 6 б.

Балтабай, Ғ. Парасат биігінде: [журналист М. Ж. Байғазиндің 75 жылдық мерейтойына орай] / Ғ.       Балтабай // Сарыарқа самалы. — 2016. — 25 тамыз. — 8 б.

Балтабай, Ғ. Мейірімді жан: [Павлодар облысының, халықаралық қоғамдық қайрымдылық және денсаулық қорының филиалының төрайымы болып істеген Ү. М.Дәржұманова жайлы] / Ғ. Балтабай // Сарыарқа самалы. — 2016. — 27 желтоқсан. — 6 б.

Балтабай, Ғ. Фаризамен өткен күндер: [«Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Ғ. Балтабайдың ақын Ф. Оңғарсынова туралы әңгімесі] / Ғ.Балтабай // Сарыарқа самалы. — 2017. — 6 маусым. — 5 б.

Балтабай, Ғ. Бірегей!: [қазақ қыздарынан шыққан алғашқы кәсіби журналист, қоғам қайраткері Л. М. Серғазина туралы] / Ғ. Балтабай // Сарыарқа самалы. — 2017. — 27 маусым. — 4 б.

Балтабай, Ғ. Аналардың Анасы еді: [«Парасат» орденінің иегері, Павлодар облысының Құрметті азаматы З. Қожахметованың рухына] / Ғ. Балтабай // Сарыарқа самалы. — 2017. — 23 қараша. — 16 б.

Балтабай, Ғ. Екі ғасыр толқынында : [«Халық радиосының» 80 жылына орай ардагер журналист, Қазақстанның Құрметті журналисі, Железин ауданының Құрметті азаматы, ҚР Мәдениет қайраткері Ғ. Балтабаймен сұхбат] / сұхбаттасқан Қ. Хашымқызы / Ғ. Балтабай // Сарыарқа самалы. — 2018. — 23 қаңтар. — 6 б.

Балтабай, Ғ. «Ұлы Дала» — өзгеге үлгі болар шара: [облыс орталығында «Ұлы Дала» этнофестивалі өтті] / Ғ. Балтабай // Сарыарқа самалы. — 2018. — 9 тамыз. — 8 б.

Балтабай, Ғ. Мейірімге толы жүректер: [Павлодар облыстық халықаралық қоғамдық қайырымдылық және денсаулық қорының құрылғанына 30 жыл] / Ғ. Балтабай // Сарыарқа самалы. — 2018. — 20 желтоқсан. — 14 б.

Балтабай, Ғ. Мүбәрак аға: [«Сарыарқа самалы» газетінде тілші болып жұмыс істеген журналист, ақын М. Жаманбалинов жайлы] / Ғ. Балтабай // Saryarqa samaly. — 2019. — 14 наурыз. — 14 б.

Балтабай, Ғ. Жүзден жүйрік журналист еді: [Қазақстанның Құрметті журналисі, Екібастұз         қаласының Құрметті азаматы А. Қаңтарбаев жайлы] / Ғ. Балтабай // Saryarqa samaly. — 2019. — 27 маусым. — 14 б.

Балтабай, Ғ. Отан үшін от кешкен: [ұстаз Қайырбек Ламашәріпұлы Ламашәріп жайлы] / Ғ., Балтабай // Saryarqa samaly. — 2019. — 4 шілде. — 14 — 15 б.

Ұлттың үні — қазақ радиосы: [«Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Павлодар облысының Құрметті азаматы Ғалия Балтабаймен Қазақ радиосының 100 жылына орай әңгіме] / Әңгімелескен Нұрбол Жайықбаев // SARYARQA SAMALY. — 2021. — 18 ақпан. — 16 — 17 б.

Балтабай, Ғалия. Аманат арқалаған актриса: [ҚР еңбек сіңірген әртісі, М. Әуезов атындағы театрдың актрисасы М. Байзақова жайлы] / Ғ. Балтабай // SARYARQA SAMALY. — 2023. — 12 қаңтар. — 16 -17 б.

Балтабай, Ғалия. Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы: [Көрнекті ақын, көркем аудармашы, жерлес ақын Қ. Ыдырысовтың туғанына 95 жыл] / Ғ. Балтабай // SARYARQA SAMALY. — 2023. — 26 қаңтар. — 13 б.

Балтабай, Ғалия. Радио — менің ұлы мектебім: [Павлодар облысының «Халық радиосына» 85 жыл] / Ғ. Балтабай // SARYARQA SAMALY. — 2023. — 21 наурыз. — 8 б.

Балтабай, Ғалия. Балтабай Ғалия: Облыстық радионы қалай сақтап қалып едік?: [Облыстық «Halyg radiosy»-ның 85 жылдық мерейтойына орай белгілі журналист Ғ. Балтабаймен сұхбат] / Ғ. Балтабай; Сұхбаттасқан Нұрбол Жайықбаев // SARYARQA SAMALY. — 2023. — 25 мамыр. — 16 — 17 б.

***

Жұматов, Ғ. Әділет деп тыным таппаған: Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ғалия Балтабай туралы бір үзік сыр / Ғ. Жұматов // Сарыарқа самалы. — 2003. — 13 желтоқсан. — 5 б.

Баянәлі, А. Достық шарж / А. Баянәлі; суреттерді салған Б. Машрапов // Сарыарқа самалы. — 2012. — 11 ақпан. — 6 б.

Қондыкерова, С. Мен білетін Ғалия: [ардагер журналист, Қазақстанның Құрметті журналисі, Железин ауданының Құрметті азаматы, ҚР Мәдениет қайраткері Ғ. Балтабай жайлы] / С. Қондыкерова // Сарыарқа самалы. — 2018. — 2 маусым. — 9 б.

Сахаба, Т. Қарымды қалам иесі: [өңірімізге белгілі қаламгер, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі  Ғ. Балтабай мерейлі 70 жасқа келді] / Т. Сахаба // Сарыарқа самалы. — 2018. — 5 маусым. — 2 б.

Хонж, А. «Өмір шыңы»: [белгілі журналист, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті            журналисі, «Павлодар облысы алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Ғ. Балтабайдың «Өмір шыңы» электронды кітабының таныстырылымы өтті] / А.Хонж // Сарыарқа самалы. — 2018. — 20 қараша. — 5 б.

Сахаба, Тілеуберді. «Sary qys»: [С. Торайғыров атындағы кітапханада өңірімізге белгілі қаламгер,            Қазақстанның журналисі Ғалия Балтабайдың балаларға арналған «Sary qys» атты естелік әңгімелер жинағы жарыққа шықты] / Т. Сахаба // SARYARQA SAMALY. — 2021. — 29 шілде. — 14 б.

Хашымқызы, Қ. Кітап — көзі ашыққа маржан: [С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада танымал коллекционер Н. Шафер мен ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі Ғ. Балтабай мерейлі 70 жасқа келді] / Қ. Хашымқызы // Saryarqa samaly. — 2019. — 23 қазан. — 8 б.

Төлебай, М. «Қазақ радиосы — халықтың үні»: [С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада журналист Ғ. Балтабайдың «Қазақ радиосы — халықтың үні» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті] / М. Төлебай // SARYARQA SAMALY. — 2021. — 21 желтоқсан. — 8 б.

[collapse]

 

 

Комментарии запрещены.