1 желтоқсан — Қазақстанның Тұңғыш Президентінің күні

29 қараша күні с. 10.00-де №2 балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай №25 ЖОББМ  7«А», 9 «В» сыныптарына арналып бір мезетте «1 желтоқсан-Қазақстанның Тұңғыш Президентінің күні» атты тарих сағаты өткізілді.

2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды.

Негізгі мақсаты елімізде бейбітшілік пен келісімді құру үшін, 2012 жылдан бастап 1 желтоқсан күні бүкіл Қазақстан бойынша көптеген мәдени іс-шаралар өткізіледі.

Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылғаның балалар естіді. Олар «Назарбаев –дәуір адам» атты кітап көрмесіне қойылған түрлі қызықты да көрнекті кітаптармен танысты.

Кейін «Талапқа сай көшбасшы» психологиялық тренингіне қатысып, әртүрлі тапсырмаларды жасап, өздерінің білімдерін, мінездерін, лидерлік қасиеттерін көрсетуге тырысты. Кездесу көңілді де пайдалы өтті деуге болады.

Комментарии запрещены.