11 ақпанда №3 балалар кітапханасының қызметкерлері № 21 мектептің жанындағы «Дебют» шахмат клубында шахмат турнирін өткізді. Мақсаты: шахмат ойынына балалардың
қызығушылығын арттыру.
Шараны жүргізген кітапханашы Р.Ж. Жакиянова шахматтың шығу тарихы туралы айтты. Шахмат ойынындағы фигуралар (піл, пешкілер, ферзі т.б). жайлы жұмбақтар жасырды. Балалар жұмбақтарды қуана-қуана шешті. Төреші Габдушева Камила балаларды ойын ережелерімен таныстырды. Ойын қорытындысы шығарылып, 1- орын алған Осипов Владиславқа, 2-орын алған
Пфлюг Сергей мен 3-орынды иеленген Жуков Ромаға тәтті сыйлықтар берілді.
Шара соңында оқушылар шахмат туралы бейнероликтен әлем чемпионы
Анатолий Карповпен 3 жастағы баланың ойынын тамашалады. Шараға 14 бала қатысты.