31 қаңтарда №3 балалар кітапханасының қызметкерлері
«Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арнайы
әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге жергілікті
ақын Шолпан Байғалының 70 жылдығына арналған «Еркелеймін Ертіске» атты кездесу өткізді. Мақсаты: жерлесіміз, ақын, Павлодар қаласының Құрметті азаматы Байғалы
Шолпан Байғалықызының өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру, жырларының
құдіретін сезіну. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген
сүйіспеншілік сезімдерін одан әрі дамыту.
Шараны жүргізген кітапханашы А.З.Сүлейменова жиналғандарды павлодарлық дарынды суырып салма ақын Шолпан Байғалымен
таныстырды. «Ақынның шеберлік
сыры» әңгімесінде ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айтты. Ақынның
әкесі Байғалы
Жакыпұлы ән айтып, домбырада ойнап, айтыстарға қатысқан екен. Шолпан Байғалы 1985-1995
жылдары облыстық айтыстардың бірнеше рет жүлдегері атанғаны; 90 жылдары
Алматыда – Наурызға, Қызылжарда – М.Жұмабаевқа, Көкшетауда – Ақан серіге,
Шымкентте – Қ.Мұнайтпасовқа және т.б. арналып өткізілген республикалық
айтыстарға қатысқаны туралы білді. Шолпан Байғалы мынадай кітаптардың авторы:
«Көктем тынысы» (1972), «Ай-нұрым» (2000), «Еркелеймін Ертіске» (2003),
«Сезімді қайтем тулаған» (2006), «Сыр сандық» (2007). Бұдан кейін оқырмандарға «Кітап қолдан
қолға» атты слайд көрсету арқылы виртуалды қарап шығу ұсынылды. Қаламгер Шолпан Байғалыға сөз берілді. Ол өзі жайлы, өзінің
шығармашылығы, айтысқа қатысқаны туралы айтты. Жаңа өлеңдерін оқып
берді.Тыңдармандардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Қарттардың атынан Дюсенбекова Забира
мен Литвиненко Вера Васильевна алғыстары мен тілектерін айтты. Шара соңында
сыйлықтар беріліп, естелікке суретке түсті.