12 қаңтарда №5 балалар кітапханасында Жаяу Мұса атындағы Мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесіп Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау болып өтті.
Шараны жүргізген кітапханашы Маржан Елубаевна Нургажинова Жолдау туралы айтып өтті. Онда экономика мен әлеуметтік сала алдында он негізгі міндет ұсынылған. Елдегі
цифрландыру ісі мен әлеуметтік даму мәселелеріне баса көңіл бөлінген. 2030
жылға дейін әр адам кемі 30 шаршы метр тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, білім
беру ісінде өмір ұсынған жаңалықтарды ойдағыдай меңгеруге, заманауи технологияны
игеруге қол жеткізу қажет. Шараға 8 адам қатысты.