«Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен 2021 жылғы наурыздың 15-28 күндері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстанда тұратын этникалық топтар өкілдерінің қатысуымен қазақ тілін білуге арналған «Мен қазақша сөйлеймін» акциясын өткізеді.
Мақсаты:
- Тәуелсіз Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау;
- өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу;
- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту,
- мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
Шарттары:
— марафон 2021 жылғы 15-28 наурыз күндері өтеді;
— марафонға барлық қалаушылар қатыса алады;
— инстаграм, фейсбук парақшасында #Марафонтіл #Тәуелсіздікке30жыл #марафонтілгеқұрмет хэштегі арқылы видеоролик жариялау;
— cbs.pvl аккаунтына жазылыңыз;
— қатысушылар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланады.
Байланыс нөмірлері: 8(7182) 530904
Электрондық пошта: cgb.oo@mail.ru