26.04.2022 ж. Орталық қалалық кітапхананың О.Сүлейменов атындағы оқу залында павлодарлық ақын Иван Иванович Қандыбаевтың 65 жылдығына арналған «Жанның әуені естіледі…» атты кездесу кеші өтті.
Кеш павлодарлық ақын Иван Иванович Қандыбаевтың өнері мен шығармашылығына арналды.
Бүгінгі кездесуге П. Васильев атындағы әдеби бірлестіктің мүшесі Окольничая Татьяна Владмировна, №9 ЖОБББМ-нің П. Васильев атындағы мұражай сақтаушысы Байкенова Галина Знайдановна, композитор Лобченко Лариса Федоровна, сондай-ақ студент жастар мен №9,19 ЖОББМ-нің оқушылары қатысты.
Келген қонақтар ақын Иван Қандыбаетың қуанышына ортақтасып, мерейтой иегеріне жылы лебіздерін білдірді.
Иван Қандыбаев әскерде өлең жаза бастаған. Алғашқы өлеңдері Мәскеу әскери округінің «Красный воин» газетінде жарияланды. Кейін Қандыба деген бүркеншік атпен «Звезда Прииртышья» газетінде басылып шыққан. Оның алғашқы жинағы «В гостях у памяти» деген атпен жарық көрді, онда 50 өлең мен «Деревня» поэмасы жарияланды.
Кеш барысында №9 ЖОББМ-нің оқушылары ақын Иван Иванович Қандыбаевтың өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар ақынның сөзіне жазылған әндер де орындалды.
Кеш соңында автордың өзіне сөз беріліп, ақын өз туындысынан жиналған қауымға өлеңдерін тарту етті.
Сондай-ақ кітапхана қорындағы кітаптардан ақын Иван Қандыбаевтың шығармашылығына байланысты «Жанның әуені естіледі…» атауымен кітап көрмесі ұйымдастырылды.