View this post on Instagram Павлодар ауылының көпшілік кітапханасы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Алтын Орданың 750 жылдығыга орай "Алтын Орда-750" атты онлайн информина ұсынады. 1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді. 1239 жылдың басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. 1240 Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кен байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста — Днестрге, шығыста — Ертіске, Солтүстікте — Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте — Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғасырдың аяғында пайда болған. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда — Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. A post shared by библиотека с.Павлодарское (@mb.pavlodarskoe) on Apr 9, 2020 at 10:39pm PDT
Павлодар ауылының көпшілік кітапханасы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Алтын Орданың 750 жылдығыга орай "Алтын Орда-750" атты онлайн информина ұсынады. 1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді. 1239 жылдың басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. 1240 Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кен байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста — Днестрге, шығыста — Ертіске, Солтүстікте — Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте — Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғасырдың аяғында пайда болған. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда — Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.
A post shared by библиотека с.Павлодарское (@mb.pavlodarskoe) on Apr 9, 2020 at 10:39pm PDT
Комментарии запрещены.