«Арттағыға сөзің мен ісің қалсын»

2020 жылдың 28 ақпанында «Павлодар техникалық сервис колледжі» ШЖҚ КМК-да  №4 көпшілік кітапхана ұжымы  кітап көрме ұйымдастырды. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Арттағыға сөзің мен ісің қалсын» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның мақсаты — Абайдың әлемдік мәдениеттегі орны мен рөлін, Абай мұрасының рухани мәдениетінің дамуына әсерін және жас ұрпақтың «Рухани жаңғыруын» талқылау бойынша диалогтық алаң құру (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) болып табылады.

Павлодар облысының мемлекеттік колледждердің студенттері қатысты. Қатысушылардың ғылыми жетекшілері: қазақ, ағылшын және орыс тілі мен әдебиеті оқытушылары.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  1. Абайдың шығармашылық мұрасының қоғамдық сананы жаңғыртудағы маңызы.
  2. Абай және Қазақстанның қазіргі мәдениеті.
  3. Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері мен үрдістері.

Павлодар техникалық сервис колледжі» ШЖҚ КМК студенттері мен оқытушылары Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» шығармасы бойынша театрландырылған қойылым көрсетті.

Қатысқандар — 120 адам.

 

Комментарии запрещены.