«Здравствуй, дедушка Корней» әдеби сағаты ақпараты

17 ақпан күні Мүбарак Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасы коворкингінде № 5 ЖОББМ-нің 1 «в» сынып оқушыларына арналған «Здравствуй, дедушка Корней» әдеби сағаты өткізілді. Мақсаты: К.И. Чуковскийдің жұмысы туралы білімді жандандыру және оқу қызығушылығын дамыту.

Шара «Корней Чуковский. Дом музей, библиотека в Переделкино» деректі фильмінен үзінді көрсетілуден басталды. Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина балаларға Николай Васильевич Корнейчуковтың неліктен балалар жазушысы болғандығы, қандай лақабат алғаны және оны балалар еркелетіп қалай атағандығы жөнінде айтып берді. Кітапхана қонақтарына К.Чуковскийдің танымал шығармаларынан алынған «Доскажи словечко» сұрақ-жауабының сұрақтарына жауап беріп, «Отвечай-ка» сергіту сәтін өткізуді ұсынды.

Шара жалғасында оқушылар өздері қалаған «Мойдодыр» мен «Бармалей» екі топқа бөлініп, сайыстарға қатысып, жеңіс үшін таласты. Олар: «Продолжи строчку» сайысы, «Определи сказку» экспресс-ойыны, «Исправь ошибки» ойыны, «Расшифруйте имена сказочных героев» блиц-басқатырғыш, «Мыслительный» аукционы, «Отгадай-ка» сұрақ-жауабы, «Какое это произведение Чуковского?» виртуалды ойыны. Көрермендермен де «Кто есть кто?» ойыны өткізілді.

Шара соңында оларға кітапхана қорынан алынған «Книги Корнея Чуковского» виртуалды көрме ұсынылды және «Павлиний хвост» мультфильмі көрсетілді. Қатысушылар саны – 30 адам.

Комментарии запрещены.