10 ақпан күні М. Жаманбалинова атындағы орталық балалар кітапханасында «Мейрімділік бар жерде, жылулық бар» атты адамгершілік сабағы өтті. Іс-шара «Бөбек» қайырымдылық қорының басшысы Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналған.
Іс-шараның жүргізушілері Л.А.Лавриненко және А.К.Кабылденова «Бөбек» қайырымдылық қорының көп қырлы қызметі туралы айтып берді. 2001 жылы С.А.Назарбаеваның бастамасымен «Өзін — өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жобасы әзірленді, оның басты мақсаты-жүйе арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту. «Өзін-өзі тану» бөлімінің бірі жақсылық пен жамандық. Жүргізушілер балаларға ойын және ертегі арқылы адамның басты қасиеттерінің бірі — қайырымдылық екенің айтуға тырысты. Балалар түрлі ойындар ойнап, ертегілердің зұлым және қайырымды кейіпкерлерін тауып, «сиқырлы сөздермен» тапсырманы орындап, сөздерді сүйкімді сөздерге айналдырды, керісінше сөздерді айтты.
Соңында балалар «Просто так» мультфильмін және «Қызыл телпек және мейірімді Қасқыр» қуыршақ спектаклін тамашалады