18 желтоқсан күні Мүбарак Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасы коворкингінде, № 5 ЖОББМ-нің 11 «а» сынып оқушыларына ақын Павел Николаевич Васильевтің туғанына 110-жыл толуына арналған «Күн секілді есімдер бар» әдеби зал өткізілді. Мақсаты: П.Н. Васильев ақынның тұлғасымен және шығармашылығымен танысу.
Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина, В.А. Моцарттың «Реквием» орындалуы аясында, бүгінгі әңгіме жерлес-ақын П.Н. Васильев туралы болмақ деп айтты. Және де оның тағдырын басқа орыс ақындарының қайғылы тағдырларымен салыстырды. М.Ю.Лермонтов пен С.Есенин және Павел Васильевтің ортақтығы ол жасөспірім жастары және жас шағында өмірлерінің үзілгені ғана емес, сондай-ақ олардың дарындылық пен таланттың орасан зор болуы; ал, А.С.Пушкинмен және А.Блокпен оларды ақынмен бірге қаза болған үлкен әлеуетті мүмкіндіктер ортақтастырады. Содан: авторы Ю.Терещенко болып табылатын «Павел Васильев» атты фильмін және Е.Мулдагулов түсірген «Дом-музей Павла Васильева» атты бейнебаянын көруге ұсынды.
Бағдарлама жалғасында: балалардың П.Васильев өлеңдерінің оқылуы: «И имя твоё, словно старая песня», «Так мы идём с тобой и балагурим», «Тогда по травам крался холодок», «Вся ситцевая, летняя приснись» және кітапхана қорынан алынған «Павел Васильев» атты виртуалды көрменің көрсетілуі болды. Қатысушылар саны – 15 адам.