28 қарашада М.Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасының коворкингінде № 5 және № 1 ЖОББМ-нің 4 «а», 4 «б» сынып оқушыларына ақын, ұстаз, журналисттер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мүбарак Кәрімұлы Жаманбалиновтың 95-жылдық мерейтойына арналған «Ақын мұрасы» әдеби оқулары өткізілді. Мақсаты: ақын М.К. Жаманбалинов шығармашылығының танымалды ету.
Шара қонақтары – танымал павлодарлық ақыны, журналист, цветаевед Ольга Николаевна Григорьева және Павел Васильев атындағы мұража-үйінің бас сақтаушысы Татьяна Сергеевна Корешкова. Шара М.Жаманбалиновтың сөзіне жазылған «Ертісім менің — Ертісім» әнімен басталды.
Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина қатысушыларға «Мүбарак Жаманбалинов» бейнеролигінің аясында жерлес ақынның өмірі мен қоғамдық қызметі туралы айтып және С.Баязитовтың аудармасындағы «Шуақты күн» мен «Мен қорқақ емеспін!» жинақтарынан алынған «Сурет», «Ақымақ аю» өлеңдерін оқып берді.
Шара қонақтары өздерінің Мүбарак Кәрімұлымен жеке кездескендегі, оның поэзиясымен және павлодар ақыны Елена Игнатовская аударған өлеңдерін оқып, алған әсерлерімен бөлісіп, жүргізушінің әңгімесін толықтырды. Шара жаласы «Жерлес ақынның шығармашылығы» виртуалды көрмесінің көрсетілуімен және М.Жаманбалиновтың өлеңдерін оқу сайысы, екі сынып арасында екі тілде өтті. Өлеңдерді ең жақсы оқыған оқушыларға Ольга Николаевна Григорьева өзінің балаларға арналған «Кружечка с секретом» атты жаңа бояу-кітапшасын сыйлады.
Шара соңында М.Жаманбалиновтың сөзіне жазылған «Әйгілі аудан — Ертісім» өлеңі шырқалды. Ал, жүргізуші болса, павлодар жеріне бейбітшілік пен тыныштық тілеп, ұлы жерлестеріміздің өлеңдерін де көп оқылғанын тіледі! Қатысушылар саны — 65 адам.