25 қараша күні № 14 Жалпы орта білім беру мектебінің 7 «ә» сыныбының оқушыларына «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Қанатты сөз – қазына» атты танымдық шара өткізілді. Шараның басты мақсаты-оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру.
Танымдық шара сайыс түрінде өтті. Оқушылар екі топқа бөлініп тапсырмаларын алды. Сайыс жеті кезеннен тұрды: «Бәйге», «Елші», «Жаңғырған салт-дәстүрлер», «Сен не істейсің?» , «Тапқырлық» деп аталды. Балалар салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап берді. Әр топ өз бақтарын сынап, сайыс тапсырмаларын толық және тез уақытта орындауға тырысты. Шараның аяғында оқушылар тілге қатысты өз ойларын ортаға салып, пікірлер мен ұсыныстарын білдірді. Нәтижесінде шараға қатысқан әрбір қатысушы тіл жанашыры екендіктерін байқатты.
Тіл — өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады.