2019 жылдың 22 қарашасында М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №1, №19 мектептің 5 сынып оқушыларына жерлесіміз, балалар ақыны М. Жаманбалиновтың 95 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби-музыкалық кеші өткізілді. Кешке «Ұлағат» ақсақалдар тағылым қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облысынің алдында еңбек белгісінің игері Ульян Мақұлұлы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Аққулы ауданының құрметті азаматы, жазушы Ақын Алақанұлы, Білім саласының үздігі, ақын Аққузинова Бақжамал Ағыманқызы, Қазақстандағы Моңғолия жастарын дамыту орталығының студенттері. Қонақтарға сөз берілді. Шара барысында №1, №5 мектептің 2 сынып оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, «Тәуелсіз қазақтың қызымын», «Әке- ана», «Біздің әлем», «Мен еліммен мақтанамын» әндері орындалды. Кеш барысында кітапханада ақын-жазушы М. Жаманбалиновқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жазушының кітаптары, газет-журналдарға шыққан мақалалары мен туындылары, ақын туралы естеліктер суреттер қойылды. Кеш барысында замандастарының естеліктері тыңдалып, қала көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы тамашаланды.
Қатысқандар саны 40 адам