30 қыркүйекте №3 балалар кітапханасында № 21 ЖОБМ 9 сынып оқушыларына «Қыздың көркі ұзын шаш» атты мамандар күні өткізілді. Мақсаты: мамандық тарихымен таныстыру, шаштараз мамандығына деген қызығушылықты тәрбиелеу. Қатысқандар 12 адам.
Сұлулықты косметика, сәнді киім және стильді шаш арқылы жасауға болады. Шаш үлгісін жасау үшін тәжірибелі шеберді таңдау керек. 13 қыркүйекте шаштаразшылардың кәсіби мерекесі –шаштараз күні. Жакиянова Р.Ж. әңгімесінде көне заманнан бері шаштараз өнерінің тарихы туралы айтты. Бүгінгі шаш үлгілері қуантады. 1920 жылы ғана шаштараз өнерін толыққанды мамандыққа айналдыруға қуатты серпіліс жасалды. Шаштараз мамандығы әрдайым өмірлік қажет болды және болады, өйткені адам сұлулыққа және өзіне күтім жасауға ұмтылады. Шаштараз-қарапайым, бір мамандық. Бірақ бұл қарапайым ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін сөз кезегін шаштаразшы Сероватова Татьяна Николаевна берілді. Ол қыздарға өзінің сүйікті шаштараз кәсібі туралы айтып берді, шаш күтімі бойынша ұсыныстар берді, қандай тарақпен, қандай сусабынды қолдануға, аптасына қанша рет шашты жууға кеңес берді. Оқушылардың өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап берді. Жүргізуші Жакиянова Р.Ж. Сероватова Татьяна Николаевнаға алғыс айтып, кәсіби мерекесімен құттықтады. Балаларға слайд-презентация көрсетіліп, «Невероятные прически для девочек», «Самые длинные волосы в мире» бейнероликті тамашалады. Қызықты фактілер оқылды.