«Денсаулық елі» саяхат-ойыны

22 шілде күні Орталық балалар кітапханасының коворкинг орталығында №85 балабақшаның жоғарғы және даярлық топтары тәрбиеленушілеріне «Денсаулық елі» атты саяхат-ойыны өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау.

Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина  отырғандарға әрбіріміздің өміріміздегі басты құндылық — адам денсаулығы екендігін айтып берді. Және оны ешбір ақшаға сатып ала алмайтынымыз туралы да айтты. Жақсы денсаулық — бұл әр адамның өзі таңдап ала алатын өмір салты болып табылады. Ақын Жамбыл Жабаевтың мына өлеңіндегі табиғаттың баға жетпес сыйы ол – денсаулық және оның 10%-ы бізге табиғаттан, 5%-ы медицинадан, ал денсаулықтың 85%-ы өзімізден байланысты болмақ екендігін мысалға келтірді. Біз денсаулықты жоғалту оңай, ал қайтадан оны қалпына келтіру қиын екенін ұмытып кетеміз. Содан жүргізуші балалармен бірге денсаулықты қалай сақтау керектігі жөнінде ойланды.

Бағдарлама жалғасында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» бейнебаяны мен «Шынықсаң, шымыр боларсың» мультфильмінің көрсетілуі болды; «Мақал-мәтелдер әлемінде», «Пантомима»  ойыны болды, «Пайдалы көкөністер» виртуалды сұрақ-жауаптары, «Неболейканың сұрақтары» мен «Спорттық» викторинасы, «Спорттық парақша» блиц-турнирі; «Қара жәшік»  экспресс-сұрақтары өткізілді.

Шара соңында «Мойдодыр» мультфильмі және «Как медведь трубку курил» атты қуыршақ театры көрсетілді. Қатысушылар саны – 28 адам.

Комментарии запрещены.