5 шілде күні Орталық балалар кітапханасы қызметкерлері коворкингте «Альрами» клуб үйі мүшелері үшін Қазақстан Республикасының астана күніне арналған, «Менің астанам – Нұр-Сұлтан» атты виртуалды саяхат өткізді. Мақсаты: Қазақстанның астанасы туралы білімдерін толық қалыптастыру.
Шара жүргізуші Любовь Степановна Микушина сөз басында Нұр-Сұлтан – еліміздің бас қаласы екенін айтып өткен болатын. Мұнда басқа жерлерден қонақтар өте көп келетіндіктен, осы қаланың көрінісінен алған әсерлері мен адамдарды кезіктіргендіктерінен жалпы тұжырым жасай отырып, біздің еліміз туралы оларда қандай да бір пікірлер қалыптасады. Біздің елге келген өзге адамдар, қазақстандықтардың өз отанын сүйетіндігін көреді. Бүгін астанамыз өз туған күнін тойлауда, елімізбен бірге біз де оны «Туған күніңмен астана!!!» деп құттықтауға қуаныштымыз: содан «Жақсы» атты ойынын ойнауға ұсынды.
Жүргізуші осы қаланың қашан қалыптасқаны, оның қашан Қазақстанымыздың астанасы болғанын да айтып берді. Содан «С высоты птичьего полёта» видеоролигін көргеннен кейін, Нұр-Сұлтан бойынша экскурсия жасауды ұсынды. Бүгінгі Нұр-Сұлтан –қазақтың шексіз жазық даласындағы сиқырлы оазис секілді көрінеді. Астанамыздан қандай қызықты нәрселерді көруге болады? Шара «Астанамыздың көрікті жерлері» атты видеоэкскурсиямен жалғасты. Қатысушылар виртуалды түрде: Мемлекет басшысының Резиденциясы Ақорданы, «Бәйтерек» монументін, «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығын, Бейбітшілік және келісім сарайын, музыкалық фонтанды, ғашықтар паркі мен «Шабыт» шығармашылық сарайын, «Қазақ Елі» монументін, «Думан» ойын-сауық орталығын және т.б. көруге мүмкіншілік алды.
Шара барысында экраннан «Туған күнің, Астана» өлеңі мен «Жаса Қазақстан» музыкасына билеген «Сәулелі Қазақстан» атты биі көрсетілді. Саяхат «Еліміздің бас қаласы» кроссворд өткізілуімен аяқталды. Қатысушылар – 19 адам.